«Ашық деректер» порталы (data.egov.kz) — ҚР «электрондық үкіметінің» дербес элементі болып табылатын Ашық үкімет бастамасымен жасалған онлайн сервис.
Портал мемлекеттік органдар жасайтын барлық деректерді іздеуді, жүктеп алуды және пайдалануды халыққа жеңілдету мақсатында жасалды. Пайдаланушылар қолжетімді деректердің барлығын өз мақсаттары үшін еркін таба алады, жүктеп ала алады және қолдана алады.
Бұл ресурстың негізгі міндеті — халыққа деректерді талдау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуға нақты инструменттер беру. Портал пайдаланушылар пікірлерін ескере отырып үздіксіз дамуда.

«Ашық деректер» порталының жеке кабинетінде тіркелу

- Жылдам сілтеме бойынша өтіңіз.
- Тіркелу түрін таңдау қажет:
— Заңды тұлға;
— Жеке тұлға. - Веб-порталды пайдалану ережелерімен танысып, белгі қойыңыз.
- «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
- ЖСН-іңізді енгізіңіз.
- «CAPTCHA» суретінде көрсетілген цифрлар мен әріптерді енгізіңіз.
- «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
- Жеке деректеріңізді көрсетіңіз:
— аты-жөні;
— туған күні;
— телефон нөмірі;
— электрондық пошта. - Құпия сөз жасап, есептік жазбаны SMS-код немесе ЭЦҚ арқылы растаңыз.
«Ашық деректер» порталының жеке кабинетіне кіру

- Жылдам сілтеме бойынша өтіңіз.
- Жеке кабинетке кіруге 3 нұсқа бар:
— QR-код арқылы;
— ЭЦҚ арқылы;
— Логин/Құпия сөз арқылы. - QR-код таңдаған жағдайда, құрылғыңыздағы сканермен жай сканерлеңіз.
- ЭЦҚ арқылы кіру кезінде сертификатты таңдаңыз.
- Логин/Құпия сөз арқылы кіру кезінде мыналарды көрсетіңіз:
— ЖСН немесе БСН;
— Құпия сөз;
— «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.
Құпия сөзді қалпына келтіру
Жеке кабинеттің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, оны ЭЦҚ арқылы қалпына келтіру мүмкіндігі бар; «Құпия сөзді ұмыттым?» батырмасын басып, сертификатыңызды таңдаңыз және одан кейінгі нұсқаулықтарды орындаңыз.