eGov Business — Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлерге түрлі қызметтер мен сервистер ұсынуға арналған мемлекеттік платформа.
Бұл цифрлық портал бизнеске арналған мемлекеттік және түрлі сабақтас сервистерге бірыңғай қол жеткізу нүктесі ретінде жұмыс істейді. Платформаның басты мақсаты — кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету, бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және түрлі жүйелерді бір интерфейсте біріктіру.

«eGov Business» порталының жеке кабинетінде тіркелу
- Жылдам сілтеме бойынша өтіңіз.
- Тіркелу түрін таңдау қажет:
— Заңды тұлға;
— Жеке тұлға. - Веб-порталды пайдалану ережелерімен танысып, белгі қойыңыз.
- «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
- ЖСН-іңізді енгізіңіз.
- «CAPTCHA» суретінде көрсетілген цифрлар мен әріптерді енгізіңіз.
- «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
- Жеке деректеріңізді көрсетіңіз:
— аты-жөні;
— туған күні;
— телефон нөмірі;
— электрондық пошта. - Құпия сөз жасап, есептік жазбаны SMS-код немесе ЭЦҚ арқылы растаңыз.
«eGov Business» порталының жеке кабинетіне кіру
- Жылдам сілтеме бойынша өтіңіз.
- Жеке кабинетке кіруге 3 нұсқа бар:
— QR-код арқылы;
— ЭЦҚ арқылы;
— Логин/Құпия сөз арқылы. - QR-код таңдаған жағдайда, құрылғыңыздағы сканермен жай сканерлеңіз.
- ЭЦҚ арқылы кіру кезінде сертификатты таңдаңыз.
- Логин/Құпия сөз арқылы кіру кезінде мыналарды көрсетіңіз:
— ЖСН немесе БСН;
— Құпия сөз;
— «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.
Құпия сөзді қалпына келтіру
Жеке кабинеттің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, оны ЭЦҚ арқылы қалпына келтіру мүмкіндігі бар; «Құпия сөзді ұмыттым?» батырмасын басып, сертификатыңызды таңдаңыз және одан кейінгі нұсқаулықтарды орындаңыз.
Байланыс
- Бірыңғай контакт-орталық — 1414